Жаңалықтар

«AMANAT» партиясы Еңбек министрлігімен бірге «Жастарға жұмыс» жобасын іске қосты

ашық дереккөзі

«AMANAT» партиясы Еңбек министрлігімен бірге «Жастарға жұмыс» жобасын іске қосты

«AMANAT» партиясы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірге жастарды нәтижелі жұмыспен қамтуға бағытталған «Жастарға жұмыс» жобасын іске асыру бойынша бірлескен іс-қимыл жоспарын әзірледі. Бүгін партияның Атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев пен Еңбек министрі Тамара Дүйсенова тиісті құжатқа қол қойды. Өз кезегінде, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, 2029 жылға дейін елімізде 3,3 млн адамды жұмысқа орналастыру көзделіп отырғанын атап өтті. Соның 2,3 млн-ы – жастар. «Елімізде жыл сайын ашылып жатқан жұмыс орындарының 20 пайызын жастарға ұсынып отырамыз. Бұл жоба аталған міндеттерді іске асыру үшін қабылданатын нақты қадамдарды айқындайды. Осы мәселеде партияның жастар қанатымен тығыз жұмыс істейтін боламыз», – деді министр.