Атырауда мектеп директорынан туберкулез анықталды

Атырауда мектеп директорынан туберкулез анықталды

Атырауда мектеп директорынан туберкулез анықталды
ашық дереккөзі
Атырауда жалпы білім беретін орта мектеп директорынан туберкулез дерті анықталды деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының 18 қаңтарда берген анықтамасы негізінде қалалық білім бөлімі хабарлады.
«Қазіргі таңда мектеп директоры денсаулығына байланысты жұмысынан шеттетілді. Мектеп басшысымен жұмыс барысында қарым-қатынаста болған қызметкерлер медициналық тексеруден өтіп, мектепке тиісті санитарлық шаралар жүргізіледі», - делінген хабарламада.