Атырауда мектеп директорынан туберкулез анықталды

19 қаңтар, 2023 / Меруерт Сағымхан
ашық дереккөзі
Атырауда мектеп директорынан туберкулез анықталды Атырауда жалпы білім беретін орта мектеп директорынан туберкулез дерті анықталды деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының 18 қаңтарда берген анықтамасы негізінде қалалық білім бөлімі хабарлады.
«Қазіргі таңда мектеп директоры денсаулығына байланысты жұмысынан шеттетілді. Мектеп басшысымен жұмыс барысында қарым-қатынаста болған қызметкерлер медициналық тексеруден өтіп, мектепке тиісті санитарлық шаралар жүргізіледі», - делінген хабарламада.