Ұнаса да, ұнамаса да, Прокуратура шешімін қабылдауымыз керек – Айбар Олжай

Ұнаса да, ұнамаса да, Прокуратура шешімін қабылдауымыз керек – Айбар Олжай

Ұнаса да, ұнамаса да, Прокуратура шешімін қабылдауымыз керек – Айбар Олжай
ашық дереккөзі
Айбар Олжай Choco холдингінің негізін қалаушы әрі атқарушы директоры Рамиль Мухоряповқа қатысты істің тоқтатылғаны турасында Facebook-тегі парақшасында пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz.
«Кез келген мәселеде эмоция емес, заң шешсе – біз қарыштап дамимыз. Сонда ғана құқықтық мемлекет құра аламыз. Егер Прокуратура органы Қазақстан Республикасының азаматы Рамиль Мухоряпов заңды бұзбады деген тоқтамға келсе, демек, Рамиль Мухоряпов заңды бұзбады. Ұнаса да, ұнамаса да, Прокуратура шешімін қабылдауымыз керек. Құқықтық қоғам деген осы» деп жазды Айбар Олжай.
Оның пікірінше, заңның үстемдігін журналистер, инфлюенсерлер көбірек насихаттау керек.
«Заң бұзылды деп ойладың ба, смартфон арқылы E-otinish-пен арыз жаз. Прокуратура тексеріп, заң бұзылды ма, жоқ па, жауабын айтады. Бұзылса, шара қолданады, бұзылмаса, демек, бәрі дұрыс. Және сот пен прокуратура шешімдері біз үшін мызғымас болуы тиіс. Себебі, кез келген таразыда екі жақ бар», - деді PR маманы.
Еске сала кетсек, Айбар Олжай Choco брендінің негізін қалаған кәсіпкер Рамиль Мухоряповтың үстінен  шағым түсірген болатын.