Екі өңірде дауылды ескерту жарияланды

19 қаңтар, 2023 / Ақмарал Берекет
ашық дереккөзі
Екі өңірде дауылды ескерту жарияланды Қазгидромет 19 қаңтар күніне арналған ауа райы болжамын жариялады деп хабарлады turkystan.kz.
«Бүгін Қызылорда облысында жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с сақталады. Ал Түркістан облысының оңтүстігінде тұман, таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыстан жел соғады, таулы аудандарда күші – 15-20 м/с», - делінген хабарламада.