Универсиада ойындарында Қазақстан қоржынына қос медаль түсті
Дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындарында Қазақстан қоржынына қос медаль түсті, - деп хабарлады turkystan.kz.
Ерлер арасындағы биатлоннан 10 шақырымдық спринтте отандасымыз Бекентай Тұрлыбеков алтыннан алқа тақты. Бекентайдың уақыт көрсеткіші - 27:51,5 мин. Күміс жүлде АҚШ спортшысы Бьорн Вестервельтке бұйырды. Бьорн 27:59,8 минутта мәре сызығын қиды.
Қола жүлдені тағы бір отандасымыз Александр Мухин еншіледі. Александр 28:13,7 минутта мәреге жетіп, қола медальді жеңіп алды.