Украинада тікұшақ апатынан 18 адам қаза тапты

18 қаңтар, 2023 / Равиль Ашығали
ашық дереккөзі
Украинада тікұшақ апатынан 18 адам қаза тапты Украинада тікұшақ апатынан 18 адам қаза тапты, үшеуі – бала, - деп хабарлады turkystan.kz. Әуе көлігінің бортында 9 адам болған. Олардың арасында Украина Ішкі істер министрі мен бірінші орынбасары бар. Бровары қаласында 18 қаңтар таңертең балабақша маңына тікұшақ құлаған. Зардап шеккен 29 адам ауруханада жатыр.