Ертең Роналду мен Месси арасындағы ойын өтеді

Ертең Роналду мен Месси арасындағы ойын өтеді

Ертең Роналду мен Месси арасындағы ойын өтеді
ашық дереккөзі
19 қаңтарда ПСЖ командасымен «Аль-Наср» және «Аль-Хилял» ойыншыларынан жасақталған құрама арасында жолдастық кездесу өтеді деп хабарлады turkystan.kz. «Матч ТВ» ақпаратына сәйкес, Сауд Арабиясында аталмыш ойынға арнайы билет сату бойынша қайырымдылық аукционы өткен. Бір артықшылығы, матч көруге билет сатып алған адамда футболшылармен суретке түсуге, командалардың киім ауыстыратын бөлмелеріне кіруге мүмкіндігі болады. Сауда 1 миллион сауд риалынан басталып, нәтижесінде билет 10 миллион риалға, (2,4 миллион еуро) 1 миллиард 239 миллион теңгеге сатылды. Аукционнан түскен қаражат ұлттық қайырымдылық науқанына жұмсалады. Айта кетейік, алдағы жолдастық кездесуге «Аль-Наср» командасының жаңа ойыншысы Криштиану Роналду қатысады. Ол матч кезінде саударабиялық команданы капитан ретінде бастап шығады.