Cақтандыру компаниялары 11 айда 818 млрд теңге табыс тапқан
2022 жылы 11 айда еліміздің сақтандыру компаниялары 818 млрд теңге көлемінде табыс тапқан. Бұл 2021 жылдың қаңтар-қарашасымен салыстырғанда 14,2% артық деп хабаралады turkystan.kz ranking.kz сайтына сілтеме жасап.
Сақтандыру компанияларының шығындары 11,8%-ға өсіп, 674,3 млрд теңгеге жетті. Бұл 2021 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда пайданы 26,6%-ға, корпоративтік табыс салығын есептемегенде 143,7 млрд теңгеге дейін жеткізді.
Бір жылда корпоративтік табыс салығының көлемі 38,3%, ал салықтан кейінгі таза пайда 25,7% өсіп, 131,4 млрд теңге болды.
2022 жылы сақтандыру компанияларының бөлінбеген жиынтық кірісі 126,9 млрд теңгені құрады. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,2%-ға артық.
Ал корпоративтік табыс салығының көлемі бір жылда 38,3%-ға өсті. Ал салықтан кейінгі таза пайда 25,7% өсіп, 131,4 млрд теңге болды.
2022 жылдың қаңтар-қараша айларында ең жоғары бөлінбеген табыс «Еуразия» сақтандыру компаниясына тиесілі: 37,7 млрд теңге. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 1,5 есе көп.
Секторда бөлінбеген пайданың ең жоғары көлемі «Еуразия» сақтандыру компаниясында тіркелді (37,7 млрд теңге). Одан кейін «Халық-Life» (15,5 млрд теңге) және «НОМАД Life» (10,7 млрд теңге) орналасты.
Табыстың айтарлықтай көлемі «Еуропалық сақтандыру компаниясына» (10,6 млрд теңге), «Виктория» сақтандыру компаниясына (9,8 млрд теңге) және «Freedom Finance Lif»-қа (8,2 млрд теңге) тиесілі.
Өткен жылдың 11 айында «Коммеск-Өмір» (2,9 млрд тг), «Сентрас Коммеск Life» (1 млрд тг), «Amanat insurance» (622,8 млн тг) және «Интертич» сақтандыру компанияларында (323,3 млн тг) өтелмеген шығын тіркелді.