Жаңалықтар

Қазақстан құрамасы мылтық атудан әлем чемпионатында топ жарды

ашық дереккөзі

Қазақстан құрамасы мылтық атудан әлем чемпионатында топ жарды

Қазақстан әйелдер құрамасы Марокко астанасы Рабатта мылтықпен атудан әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы атанды деп хабарлады turkystan.kz.   Prosports.kz сайтының мәліметінше, Зоя Кравченко (Шымкент), Әсем Орынбай (Алматы облысы) және Адель Садақбаева (Астана) бар Қазақстан құрамасы финалдық буллитте АҚШ құрамасын басып озып, скит бойынша жеңіске жетті. Мароккодағы әлем чемпионатының кезеңі – рейтингтік турнир. Онда жиналған ұпайлар 2024 жылы Парижде өтетін XXXIII Жазғы Олимпиада ойындарына қатысу мүмкіндігін арттыруға мүмкіндік береді.