Астанада парашютпен секіру барысында сарбаз қаза тапты

Астанада парашютпен секіру барысында сарбаз қаза тапты

Астанада парашютпен секіру барысында сарбаз қаза тапты
ашық дереккөзі
Бүгін Астана қаласының маңайында парашютпен жоспарлы секіру бойынша оқу-жауынгерлік тапсырмаларын орындау барысында мерзімді қызметтегі сарбаз қаза тапты деп хабарлады turkystan.kz. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталу үстінде.
«Қазіргі кезде тексеріс жүргізіліп жатыр. Әскери қызмет адам өміріне әр уақытта қауіп пен қатерге толы. Командирлер үшін өз жауынгерін жоғалту ауыр қаза болып табылады. Әскери қызметші 2022 жыдың көктемінде Қарағанды қаласынан әскер қатарына шақырылған болатын. Командирлері мен қызметтестері арасында үлкен беделге ие болған еді. Бауырмашыл, қызметі жағынан үнемі жақсы жағынан көрінетін. Борышын өтеуге келгелі бері әскери істі үйренуге ерекше ынта танытып жүретін. Өз ата-анасының айбынды ұлы, нағыз патриот және қызметтестері арасында үлгілі азамат болатын. Қарулы Күштердің басшылығы мен жеке құрамы сарбаздың отбасы мен жақындарына орны толмас қазасына ортақтасып, қайғыра көңіл айтады», - делінген хабарламада.
Қорғаныс министрлігінің тарапынан әскери қызметшінің отбасына көмек көрсету бойынша барлық қажетті шаралар қабылданатын болады.