Екібастұз тұрғыны мешіттегі садақа жәшігінен ақша ұрлаған

Екібастұз тұрғыны мешіттегі садақа жәшігінен ақша ұрлаған

Екібастұз тұрғыны мешіттегі садақа жәшігінен ақша ұрлаған
ашық дереккөзі
Мешіттегі садақа жәшігінен ақша жымқырған Екібастұз тұрғыны сотталды деп хабарлады turkystan.kz. Polisia.kz сайтының мәліметінше, 2022 жылдың 17 сәуірінде белгісіз адам Екібастұз қаласының Бәйет ауылындағы мешітке тиесілі 200 мың теңгені жасырын ұрлап әкеткен.
«Полицияға арыз түсті. Ұрлық фактісі тіркелді, тергеу бөлімшесі ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді», – деді Павлодар облысы Екібастұз қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары Валентин Брімжанов.
Жүргізілген тергеу іс-шараларының нәтижесінде күдікті анықталды. Ол Екібастұз қаласының жұмыс істемейтін 28 жастағы тұрғыны болып шықты. Мас ер адам айналасындағылардан жасырын түрде мешітке заңсыз кіргені анықталды. Онда балғамен садақаға арналған металл жәшігінің аспалы құлпын бұзып, 200 мың теңге сомасында қаражатты ұрлап кеткен. Ол ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Кейін іс материалдары сотқа жіберілді. Азамат ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағында көзделген қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін сотпен кінәлі деп танылды. Оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Барлық мерзімге пробациялық бақылау орнатылды. Сондай-ақ бас бостандығын шектеу кезеңінде сотталған адамның бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның хабарламасынсыз тұрақты жерін, жұмысын, оқуын ауыстыруға және басқа жерлерге баруға құқығы жоқ. Айта кетсек, 2022 жылы Павлодар облысының аумағында 1394 бөтеннің мүлкін ұрлау фактілері тіркелген. Оның ішінде 260 факті Екібастұз өңірінде тіркелді.