Жаңалықтар

Соңғы қоңырау күнін ауыстыру керек – депутат

ашық дереккөзі

Соңғы қоңырау күнін ауыстыру керек – депутат

Аманжол Әлтай Мәжілістің жалпы отырысында соңғы қоңырау күнін 30 мамырға не 1 маусымға ауыстыру керек екенін айтты деп хабарлады turkystan.kz. «Оқу-ағарту министрінің бұйрығына сәйкес, орта білім беретін мектептерде соңғы қоңырау салтанаты 31 мамырда өтеді. Алаш арыстарының мұратын жалғастырып, аманатын ұрпақ санасына сіңіруге тиісті министрліктің 31 мамыр күнінің маңызына мән бермегені қандай өкінішті. Арыстарымыздың рухына бір күнді де қимай, апыл-ғұпыл аза тұтқансып, іле-шала той тойлап, думандатып кете беретін болсақ, елдігіміз қайсы?! Сондықтан мектептердегі соңғы қоңырау күнін 30 мамырға не болмаса 1 маусымға ауыстыру керек», - деді депутат.