Жаңалықтар

12 желтоқсан «Алаш күні» болып белгілене ме? – Смайылов жауабы

ашық дереккөзі

12 желтоқсан «Алаш күні» болып белгілене ме? – Смайылов жауабы

Премьер-министр Әлихан Смайылов Мәжіліс депутаттарының 12 желтоқсанды «Алаш күні» деп ресми белгілеу туралы сауалына жауап берді деп хабарлады turkystan.kz. «Тәуелсіздік күнінің қарсаңындағы 12 желтоқсанды – «Алаш күні» деп ресми белгілеуге қатысты депутаттық сауалға келесіні хабарлаймын. Қазіргі таңда ҚР Президентінің Жарлығымен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бойынша құрылған мемлекеттік комиссия жұмыс істеп жатыр. Мемлекеттік комиссия өз құзыретіне сәйкес 1920-1950 жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық, заңды және саяси тұрғыдан ақтау мәселелерімен айналысуда. Жыл сайын «Ақ жол» партиясының бастамасымен ұйымдастырылатын «Алашқа тағзым» шеруі мен жылдағы дәстүр бойынша 31 мамыр – Саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай жоғары деңгейде іс-шаралар ұйымдастырылуда. Алдағы уақытта көтерілген мәселе Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның қарауына ұсынылады», - деді Смайылов.