Елімізде әлеуметтік жәрдемақы мөлшері өседі
Елімізде әлеуметтік жәрдемақы мөлшері өседі
Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша 1 айға төленетін әлеуметтік жәрдемақы 15 АЕК-тен (51 750 теңгеден) 25 АЕК-ке (86 250 теңгеге) дейін ұлғаймақ деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы Мәжілістің қарауына енгізілген «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында көрсетілген.
«Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша 1 айға төленетін әлеуметтік жәрдемақының мөлшері тиісті жыл үшін айлық есептік көрсеткіштің 25 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақы мөлшері жалақының 100% құрайды», - делінген құжатта.
Сонымен қатар жұмыскер еңбек ету барысында жарақаттанса немесе кәсіптік дертке шалдығып, қызметке уақытша жарамсыз деп танылса, онда оған орташа жалақының 100% мөлшерінде әлеуметтік жәрдемақы төленеді.