Боран, үскірік аяз: 18 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Боран, үскірік аяз: 18 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Қазгидромет 18 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады деп хабарлады turkystan.kz.
Қазақстан аумағының басым бөлігі әлі де антициклон ықпалында болғандықтан жауын-шашын жаумайды.
Елдің оңтүстігінің таулы аймақтарында қатты жауын-шашын болады.
Тек республиканың шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен аздаған қар, жаяу бұрқасын, елдің оңтүстігінде – жел күшейіп, тұман түседі.
Түнде Жетісу облысы мен Алматы облысының солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында 25-26 градус қатты аяз сақталады.