«TikTok-тағы ойыннан балалар суицид жасауда» – ІІМ түсініктеме берді

«TikTok-тағы ойыннан балалар суицид жасауда» – ІІМ түсініктеме берді

«TikTok-тағы ойыннан балалар суицид жасауда» – ІІМ түсініктеме берді
ашық дереккөзі
Желіде ер адамның аудиожазбасы кеңінен таралып кетті. Дауыстық хабарламада автор 13 жасар қызы суицид жасағанын, ол мұндай қадамға TikTok желісіндегі ойыннан кейін барғанын айтады. Stopfake.kz оқиғаның мән-жайын анықтады деп хабарлады turkystan.kz. Ер адамның айтуынша, қызы 12 қаңтарда өзіне қол салған. Дәл сол күні Таразда тұратын тағы екі бала TikTok-тағы ойын кесірінен қайтыс болған.
«12-сі күні 13 жасар қызымнан айырылдым. Әйеліммен үйге келгенде қызымызды баспалдақта асылып тұрған күйінде таптық. Балалардың телефонын тексеріп тұрыңыздар, өтінемін. Мұның барлығы телефоннан екен. TikTok-та бір ойын бар, онда турлардан өтеді. Алдымен, ұстараның жүзімен тамырын кеседі, кейін асылып өледі», - дейді аудиожазбадағы ер адам.
Қазақстан Ішкі істер министрлігі бұл ақпарат жалған екенін айтады.
«Ақпарат расталған жоқ», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.