Маңғыстауда су және жылу желілерінің 53 пайызы тозған

Маңғыстауда су және жылу желілерінің 53 пайызы тозған

Маңғыстауда су және жылу желілерінің 53 пайызы тозған
ашық дереккөзі
«Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы - инженерлік желілердің тозуын 15% азайту, шығынды төмендету және қызмет сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облыстық Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Жандос Салимов мәлім етті, - деп хабарлады  turkystan.kz. Спикердің айтуынша, қазіргі таңда Маңғыстау облысында электр желілерінің тозуы - 59,31%, жылу және су құбыры желілерінің тозуы - 53%. Жаңа бағдарлама мүлік иелері есебінен салаға инвестициялар тартуды, табиғи монополиялар саласындағы қызметкерлердің жалақысын арттыруды, табиғи монополия саласына озық инновацияларды енгізуді ынталандыру жолымен одан әрі реттеуді көздейді. «Егер табиғи монополия субъектісі кәсіпорынды дамыту үшін желілердің тозуын азайту үшін инвестиция тартқан жағдайда пайда нормасы белгіленеді. Бұл жағдайда ол пайданың белгілі бір үлесіне құқылы болады. Қазір өлшемдер туралы айту қиын, өйткені мұнда біз ескеретін бірқатар факторлар бар. Жалпы, әрбір субъект бойынша жұмыс жеке жүргізіледі. Біз оның қанша инвестиция тарта алатынын, қызметін жақсарту үшін қандай көрсеткіштерге қол жеткізетінін қарастырамыз. Мысалы, апат санын қаншалықты азайтты, жұмысты қалпына келтіруге кететін уақыт қысқарды ма деген сияқты», - деді Жандос Салимов. Өңірде көптеген кәсіпорындар несиелендірілген. Сондықтан инвестиция тарту қиынға соғуы мүмкін. Қазір талдау жүріп жатыр. Егер ұсыныс мақұлданса, онда табиғи монополиялардың әрбір субъектісі үшін жеке қолданылады.