Astana Qazaqstan Team сапын әлем чемпионы толықтырды

17 қаңтар, 2023 / Равиль Ашығали
ашық дереккөзі
Astana Qazaqstan Team сапын әлем чемпионы толықтырды Astana Qazaqstan Team велоспорт командасы британиялық чемпион Марк Кавендишпен келісімшартқа отырды деп хабарлады turkystan.kz.  Марк - «Тур де Франстың» 34 кезеңін алғаш болып бағындырған тарихтағы ең табысты спринтерлердің бірі. Ол кәсіби мансабында барлық үш Гранд Турдың, атап айтқанда, «Тур де Франстың», «Джиро д'Италияның» және «Вуэльта Испанияның» «спринт жейдесін» жеңіп алды. Сондай-ақ 2011 жылы топтық жарыста  Кавендиш әлем чемпионы болды. Өткен маусымда Марк «Милан-Турин» классикалық жарысында жеңіске жетті. Сонымен қатар «Джиро д'Италия», «Оман» туры және «Біріккен Араб Әмірліктері» турында кезеңдердің жеңімпазы атанды.