Абай облысының әуежай маңынан мәйітті тасыған табыт табылды

17 қаңтар, 2023 / Анель Жарылғасын
ашық дереккөзі
Абай облысының әуежай маңынан мәйітті тасыған табыт табылды
Абай облысында әуежай маңынан табыт табылды. Алайда табытта адамның мәйіті болмаған деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ер адамның денесі 8 қаңтарда Алматыдан Семей қаласына, кейін Көкпекті ауданына жерлеу үшін тасымалданғаны анықталды. Мәйітті тасымалдау үшін пайдаланылған табытты әуежайдың маңында қалдырып кеткен, - деп хабарлады облыстық полицияның баспасөз қызметі.
Бұл факт бойынша марқұмның 32 жастағы туысына қатысты жақын арада қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалады.