Вьетнам президенті отставкаға кетті

Вьетнам президенті отставкаға кетті

Вьетнам президенті отставкаға кетті
ашық дереккөзі
Вьетнам президенті отставкаға кетті деп хабарлады turkystan.kz. «Интерфакс» Telegram-арнасының мәліметінше, Нгуен Суан Фук Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитеті және Саяси Бюросының мүшелігінен кетті. Орталық Комитеті партиясының коммюникесінде Нгуен Суан Фук елдің жоғары басшылық өкілдерінің, атап айтқанда, премьер-министрдің орынбасарлары мен бірнеше министрдің заң бұзғанына көз жұмып қалғаны белгілі болғаннан кейін отставкаға кету туралы шешім қабылдағаны айтылған.