Вьетнам президенті отставкаға кетті

17 қаңтар, 2023 / Меруерт Сағымхан
ашық дереккөзі
Вьетнам президенті отставкаға кетті Вьетнам президенті отставкаға кетті деп хабарлады turkystan.kz. «Интерфакс» Telegram-арнасының мәліметінше, Нгуен Суан Фук Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитеті және Саяси Бюросының мүшелігінен кетті. Орталық Комитеті партиясының коммюникесінде Нгуен Суан Фук елдің жоғары басшылық өкілдерінің, атап айтқанда, премьер-министрдің орынбасарлары мен бірнеше министрдің заң бұзғанына көз жұмып қалғаны белгілі болғаннан кейін отставкаға кету туралы шешім қабылдағаны айтылған.