Павлодарда таксиге отырған әйел жоғалып кетті

Павлодарда таксиге отырған әйел жоғалып кетті

Павлодарда таксиге отырған әйел жоғалып кетті
ашық дереккөзі
Әйелдің таксиге отырғаны бейнебақылау камерасына түсіп қалған деп хабарлады turkystan.kz. Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, Елена Федоровичева 2023 жылы 16 қаңтарда Павлов көшесі, 48 мекенжайы бойынша көк минивэнмен белгісіз бағытта кеткен.  width= 40 жастағы әйелдің әрі қарай қайда кеткені белгісіз.  Бойы - 165 см, ақ шашты.  Ұзын куртка, көк түсті бас киім киген.
«Кеше бірден іздестіру шараларына қосылдық. Белгісіз бағытта  шығып кеткен  әйел бақылау камерасына түсіп қалған. Шамамен минивэн шағын таксиімен кеткен.  Павлодар мен Екібастұз темір жол вокзалының аумақтары, бейнебақылау камералары өңделді, сондай-ақ туыстарынан сұрастырылды. Өкінішке орай, іздеу жұмыстары әзірге нәтиже бермеді», – деді еріктілер.
Еріктілер көлік иесінен әйелдің қайда кеткені  туралы хабарлауды сұрайды. Егер де  оның қайда екені туралы қандай да бір ақпарат болса немесе көліктің иесін таныған жағдайда (карусельдегі фото) дереу еріктілердің телефондарына хабарласуды сұрайды: +7 (747) 615 55 63 Катерина, +7 (777) 334 82 01 Светлана.