Жаңалықтар

Жерорта теңізінде кеме апатынан 400 адам қаза тапты

ашық дереккөзі

Жерорта теңізінде кеме апатынан 400 адам қаза тапты

Ливиядан Италияға бағыт алған кеме Жерорта теңізінде апатқа ұшырады. Кеме апатынан 400 адам қаз тапқан. Мұндай ақпаратты «Save the Children» гуманитарлық ұйымының мәліметіне сүйенген Италияның ақпарат құралдары хабарлаған. Ал аталмыш ұйымға кеме апаты туралы хабарламаны апаттан тірі қалып, Италияға жеткен адамдар жеткізіпті. Кеме апатынан қаза болғандар – Италияға заңсыз жолмен бара жатқан эмигранттар екен. Осыдан 2 апта бұрын Охот теңізінде апатқа ұшыраған «Дальний восток» кемесіндегі барлық шетелдік азаматтар Ресей аумағында заңсыз қызмет етті деп айыпталып, оларға айыппұл салынатындығы туралы ескертілген. Кеме апатынан аман қалған 26 шетелдік азаматқа 2 мың рубльден айыппұл салынған болатын. Ал кеме апатында қаза тапқан 19 шетелдік азаматтың денесі чартерлік рейспен өз отандарына жіберілмек. Бұл туралы «РИА Новости» хабарлады.