«AMANAT» партиясы «Жастарға кеңес» жобасын іске қосты
«AMANAT» партиясы «Жастарға кеңес» жобасын іске қосты
Қазақстандық жастар баспана алу немесе емделу, кәсіп ашу, жұмысқа орналасу сияқты мәселелер бойынша қажетті кеңес ала алады. «AMANAT» партиясының жастар қанаты «Жастарға кеңес» жобасын іске қосты. Оның аясында мобильді кеңес беру пункттері базарларда, сауда үйлерінде, ауылдар мен моноқалаларда тұрақты негізде жұмыс істейді деп хабарлады turkystan.kz.
Кеңес беру жұмысына «Жастар Рухының» қызметкерлері, Халықты жұмыспен қамту орталықтарының, «Отбасы банк» АҚ-ның, Халыққа қызмет көрсету орталықтарының, медициналық сақтандыру қорының, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының, өңірлік білім басқармаларының және «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының мамандары атсалысады.
«Жастар Рухы» ЖҚ төрағасы Нұржан Жетпісбаев жастарды толғандырған мәселелерді шешуге бағытталған жоба тұрақты түрде жұмыс істейтінін атап өтті.
Кеңес беру іс-шараларының кестесімен «Жастар Рухының» әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан танысуға болады: Instagram, Facebook, Telegram.