ТікТок қосымшасына қазақ тілі қосылды

ТікТок қосымшасына қазақ тілі қосылды

ТікТок қосымшасына қазақ тілі қосылды
ашық дереккөзі

TikTok қосымшасы енді қазақ тілінде қолжетімді деп хабарлады turkystan.kz.

ТікТок қосымшасындағы интерфейс тілін кез келген уақытта ауыстыруға болады. Ол үшін қосымшаның төменгі оң жақ бөлігіндегі «кескінді» басу керек. Сол кезде парақша иесінің жеке мәліметтері сақталатын парақша ашылады. Баптауға өту үшін дәл осы парақшаның оң жақ жоғары тұсындағы үш сызықпен бейнеленген белгіні басу қажет. Содан кейін «параметрлер мен құпиялылық» бөліміне өтіп, одан «тіл» деген сілтемеге кіресіз. Дәл осы жерден қазақ тілін таңдауға болады.