«Құқықтық көмек»: заңгерлер Исатай ауданының тұрғындарын қабылдады

«Құқықтық көмек»: заңгерлер Исатай ауданының тұрғындарын қабылдады

«Құқықтық көмек»: заңгерлер Исатай ауданының тұрғындарын қабылдады
ашық дереккөзі
«AMANAT» партиясының «Құқықтық көмек» жобасы аясында Атырау облысының тұрғындарын қабылдау жұмысы жалғасуда. Мәселен, Исатай ауданы, Аққыстау ауылында белгілі құқық қорғаушы Абзал Құспан бастаған бір топ заңгерлер жергілікті тұрғындарды қабылдады. Қабылдау барысында Исатай ауданы тұрғын үй коммуналды-шаруашылық бөлімінің басшысы Сигуатова Рита сот орындаушысының шығарған шешіміне арызданды. Заңгер мәселені зерделей отырып, шығарылған шешімнің заңсыз және құзыретін асыра пайдалану белгілері бар екенін анықтады. Облыстық Әділет департаментімен бірлесе сұрақтың оңтайлы шешілуіне ықпал етті.