«Құқықтық көмек» жобасы Индербор ауданында жалғасты

«Құқықтық көмек» жобасы Индербор ауданында жалғасты

«Құқықтық көмек» жобасы Индербор ауданында жалғасты
ашық дереккөзі
«AMANAT» партиясының «Құқықтық көмек» жобасы аясында Атырау облысының тұрғындарын қабылдау жұмысы жалғасуда. Мәселен, Индербор кентінің тұрғыны Данияр Габсалимов 9 жыл бұрын шаруа қожалықтарын қаржыландыруға мемлекеттік бағдарлама бойынша «Атырау» ӘКК» ҰК» АҚ-нан қаржы алған.  width=
«2013 жылы алынған қаражатты қайтару кезінде, қаржыландырушы тараптан кеткен қателіктер негізінде біз келісім-шартты тоқтаттық. Өйткені Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің тарапынан қаржыны қайтару бойынша талап түсті. Бұл жерде серіктестік құрылтайшылардың кейбірінің қаржылық жағдайы жетпей, қаражатты қайтару мүмкін болмады. Бірақ біз серіктестікті тарату жөнінде шешім шығарып отырмыз», – деп түсіндірді ол.
Бұл мәселені жергілікті жерде шешуге мүмкіндік барын айтқан заңгер Абзал Құспан, қажетті құжаттарды қосымша алғызып, бұл мәселені Атырау қаласында өтетін жиын кезінде құзырлы органдар алдында айтатынын жеткізді.
«Атырау қаласында болатын қорытынды жиында бұл мәселе негізігі ұсыныстардың бірі болмақ. Өйткені осыған дейін болған Исатай ауданында да осыған ұқсас мәселелер кездесті. Бұл мәселені мемлекетке де, шаруаларға да оңтайлы етіп шешу үшін осы жердегі заңгерлердің құзіреті де, біліктілігі де жетеді. Алайда, алдағы уақытта да осындай олқылықтар мен түсініспеушіліктер туындамау үшін осы мәселені мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановқа жеткіземін. Мүмкін ұсынысымыз қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге түрткі болар», – деді Абзал Құспан.