Жаңалықтар

Бір отбасының үш адамы өрт кезінде қаза тапты

ашық дереккөзі

Бір отбасының үш адамы өрт кезінде қаза тапты

Ақмола облысы Атбасар ауданының Сочинское селосында жер үйден өрт шығып, ерлі-зайыптылар мен екі жастағы сәби қаза болды деп хабарлады turkystan.kz.

№1 пәтерде болған өрт 80 шаршы метр аумақты шарпып, одан кейін екінші пәтердің 10 шаршы метрін өрт шалған. Өрт 05.35-те толықтай сөндірілді. Қазіргі уақытта өрттің себептерін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптамасы тағайындалған.

Оқиға орнына дереу азаматтық-қорғаныс органы қызметкерлері мен «Шортанбай-2019» ЖШС ерікті-өрт сөндіру құрылымы және жергілікті тұрғындар аттанып, тұрғын үйден шыққан өрт сөндірілді. Өкінішке орай, 32 жастағы отағасы мен 31 жастағы жұбайы және 2 жастағы кішкентай сәбидің мүрдесі табылды, – дейді Атбасар аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Ерболат Әшкенов.