Жаңалықтар

46 жастағы қызылордалық алты айдан бері табылмай жатыр

ашық дереккөзі

46 жастағы қызылордалық алты айдан бері табылмай жатыр

Қызылорда қаласында 46 жастағы азаматтан алты айдан астам уақыттан бері хабар жоқ деп хабарлады turkystan.kz.

Науанов Еркін Аханұлы 2022 жылғы 9 шілдеде үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан бері үйіне оралмаған. Осыған байланысты Қызылорда қалалық Полиция басқармасы іздеу салды.

Бойы: 1,75 -1,80 см, орта денелі, шашы қара ақ аралас, көзі коңыр, қалың қасты. Ақ түсті футболка, қара түсті шалбар киген.

«Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда 8(7242)-29-75-20 немесе 102 арнасына қоңырау соғуды сұраймыз», - делінген Қызылорда қалалық Полиция басқармасынан.