Павлодар облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Бүгін қалалар мен аудандардың әкімдерімен, сондай-ақ, облыс басқармаларының басшыларымен өткен аппараттық кеңесте өңір басшысы Асайын Байханов өзінің жаңа орынбасарын таныстырды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Серік Батырғожинов өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және инвестициялар, жер қатынастары, жер қойнауын пайдалану, қоршаған ортаны қорғау, ветеринария және туризм салаларына жетекшілік етпек.
Облыс әкімі бұған дейін осы лауазымды атқарған Мейрам Өтешовке еңбегі үшін алғысын білдіріп, Серік Батырғожиновке жұмыста табыс тіледі.