Шығыс Қазақстанда есірткі тасымалдаған ер адам ұсталды

Шығыс Қазақстанда есірткі тасымалдаған ер адам ұсталды

Шығыс Қазақстанда есірткі тасымалдаған ер адам ұсталды
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысының полицейлері ірі есірткі арнасының жолын кесті, - деп хабарлады turkystan.kz. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары өңір аумағына марихуана жеткізумен айналысқан ер адамды ұстап, ірі есірткі арнасының жолын кесті. «Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Өскеменде көпқабатты үйлердің бірінің ауласында есірткі заттарын сату үшін сақтаған 39 жастағы азамат ұсталды. Ол мемлекетаралық іздеуде жүрген болып шықты. Тұрғылықты жеріне тінту жүргізу кезінде полицейлер өткір иісі бар қоңыр-жасыл түсті өсімдік тектес зат салынған 790 полиэтилен ораманы тапқан», - делінген ақпаратта. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 28 келіден асатын кептірілген марихуана болып шықты. Қазіргі уақытта ер адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Есірткі саудасымен айналысқан адам 10-нан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.