Жамбыл облысында жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады

16 қаңтар, 2023 / Равиль Ашығали
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады Жамбыл облысында жедел жәрдем көлігінің қатысуымен жол апаты орын алып, нәтижесінде үш адам ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлады turkystan.kz. Анықталғандай, аудандық орталық аурухананың жедел-жәрдем көлігінің 31 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, УАЗ маркалы көлігінің сол жақ тұсымен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі көліктің жүргізушісі және жедел жәрдем көлігіндегі 24 жастағы медицина қызметкері түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек бойынша 31 жастағы жүргізуші ҚР ӘҚБтК 610-бабы 2-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мercedes автокөлігінің жүргізушісінің жауапкершілігін анықтау үшін автотехникалық сараптама тағайындалды.