18 қаңтарда отандық теле-радиоарналар жұмысын уақытша  тоқтатады

18 қаңтарда отандық теле-радиоарналар жұмысын уақытша  тоқтатады

18 қаңтарда отандық теле-радиоарналар жұмысын уақытша  тоқтатады
ашық дереккөзі
Елімізде 18 қаңтарда теле-радиоарналар жұмысын уақытша  тоқтатады. Өйткені, сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізілмек, - деп хабарлады  turkystan.kz. 2023 жылдың 18 қаңтар айында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, яғни, жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады.
«Қазтелерадио» АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет, ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді, сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асырылады», - делінген хабарламада.