Халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер Өскеменде ұсталды

Халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер Өскеменде ұсталды

Халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер Өскеменде ұсталды
ашық дереккөзі
Тәжікстанда қылмыс жасап, халықаралық іздеуде жүрген күдікті Өскемен қаласында ұсталды, - деп хабарлады turkystan.kz. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ауыр қылмыс жасағаны үшін Тәжікстан Республикасының құқық қорғау органдарынан ұзақ уақыт жасырынып жүрген қылмыскерді Өскемен полицейлері ұстады. «27 жастағы ер азаматқа алаяқтық жасағаны үшін іздеу жарияланған. 2021 жылдың тамыз айында жәбірленушінің сеніміне кірген ол Латвия Республикасына виза алып беремін деп алдап, 2 325 АҚШ долларын алдап алған. Аталған фактіге қатысты Тәжікстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Соғды облысы бойынша департаменті қылмыстық іс қозғаған. Бірақ, оны ұстау мүмкін болмады», - делінген ақпаратта. Кейін қылмыскердің Қазақстан Республикасының аумағында жүргені анықталды. Содан соң халыралық іздеуде жүрген алаяқ Өскеменде ұсталып, Тәжікстан Республикасына жіберілді.