Павлодардағы мектептің бірін түтін басып, 500-ге жуық оқушы эвакуацияланды
Павлодардағы №22 мектепте электр сымдары қорғалған бөлмені түтін басты деп хабарлады turkystan.kz.
«Сағат 16.35-те 101 нөміріне Павлодардағы №22 мектептен түтін шығып жатқаны туралы хабар түскен. Электр сымдары қорғалған 1-қабаттағы бөлмені қою түтін басқан. Өрт сөндірушілер келгенше, 542 адам қауіпсіз жерге шығып үлгерген, олардың 493-і балалар», - деп хабарлады Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Өрт сағат 17.05-те сөндірілді. Зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ. Төтенше жағдаймен күреске Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің 29 қызметкері мен 8 техника жұмылдырылды.