Қытайда 10 секундта 19 ғимарат жермен-жексен болды

Қытайда 10 секундта 19 ғимарат жермен-жексен болды

Қытайда 10 секундта 19 ғимарат жермен-жексен болды
ашық дереккөзі
Қытай орталығындағы Хубэй провинциясының Ухан қаласында 10 секундтың ішінде 19 ғимарат сүрілді.   Лента.ру-дың хабарлауынша, ірі көлемдегі сүру жұмысы 21 қаңтар күні жергілікті уақытпен 11:50-де іске асырылған. Ол үшін 5 тоннаға жуық тротил қажет болыпты. Жарылғыш затты орналастыру үшін 120 мың саңылау жасалған. Нәтижесінде, бірқатар көпқабатты тұрғын үйлер жермен-жексен етілді. Сүрілген ғимараттың орнына заманауи іскерлік аудан бой көтермек. Онда биіктігі 700 метрден асатын зәулім ғимараттың құрылысы басталады.