Жаңалықтар

Ерлан Қошанов ауыл тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған жобаның бастау алғанын жеткізді

ашық дереккөзі

Ерлан Қошанов ауыл тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған жобаның бастау алғанын жеткізді

Ақтөбе облысы Президенттің Сайлауалды бағдарламасындағы ауыл тұрғындарының табысын арттыру жөніндегі бастамаларын жүзеге асыруға алғашқылардың бірі болып кірісті. Бұл жұмысқа «AMANAT» партиясы белсенді атсалысуда. Бүгін партия Төрағасы Ерлан Қошанов өңірдегі шаруа қожалықтарының өкілдерімен кездесіп, «Ауыл аманаты» жобасының жаңа кезеңін жүзеге асыруды талқылады және «Қаржылық сауаттылықты арттыру» жаңа партиялық жобасын іске қосты.

Ақтөбе қаласында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің, облыс әкімі Ералы Тоғжановтың және мемлекеттік органдар өкілдерінің, өңірдегі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қатысуымен «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өтті. Оған барлығы 200-ден астам адам қатысты.

«Ауыл аманаты» жобасы аясында несие алудың ыңғайлы әрі жылдам болуына ерекше назар аударылады. Өтінім ЭЦҚ арқылы арнайы цифрлық платформада онлайн беріледі. Сонымен қатар, егер бұрын несиені мақұлдау үш аптаға созылса, қазір ол ең көп дегенде үш сағатқа созылуы керек. Қажетті мәліметтер барлық қолжетімді дерекқорлардан автоматты түрде жиналады. Қазіргі уақытта цифрлық платформа пилоттық режимде жұмыс істейді.

Осы күні Ерлан Қошанов Мәртөк ауданының тұрғындарымен, «Ауыл аманаты» жобасының қатысушыларымен кездесіп, жобаның негізгі бағыттары туралы айтып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Партия Төрағасының қатысуымен алғашқы қарыз ресімделді – шаруа қожалықтарының бірінің басшысы Тәңірберген ауылының тұрғынына 4 млн теңгеге тауарлық несие берді.