Мәсімовке қатысты тағы екі іс қозғалды

Мәсімовке қатысты тағы екі іс қозғалды

Мәсімовке қатысты тағы екі іс қозғалды
ашық дереккөзі

Сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін айыпталған Павлодар облысы Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімовке әкімшілік кодекс баптарымен тағы екі айып тағылды деп хабарлады turkystan.kz Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сотталушының үстінен «бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және тиімсіз пайдалану» бабы бойынша тағы екі іс қозғалды. Онда бюджет заңнамасын бұзуға жол берген мемлекеттік органдардың басшылары үшін 100 АЕК (435 000 теңге) мөлшерінде айыппұл көзделген.

Сотта қарау күні әлі анықталған жоқ. Бұған дейін Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында Нұрлан Мәсімовке, оның бұрынғы орынбасары Дамир Сиразидимовке және кәсіпкер Евгений Евковичке қатысты іс бойынша алдын ала тыңдау өткен.

Бұрынғы полицейлерге «аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін» және «сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін ірі мөлшерде иемдену немесе ысырап ету» баптары бойынша айып тағылған болатын. Кәсіпкерге «аса ірі мөлшердегі параға жәрдемдесу» бабы бойынша айыпталып, ал Мәсімовке «Қазақстанның мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту» бабы бойынша да айып тағылып отыр. Алайда сот көптеген заңбұзушылыққа байланысты істі облыс прокурорына қайта жіберді.

«Қылмыстық іс жүргізу заңнамасы бұзылған. Атап айтқанда, қылмыс жасаған орындаушы мен ұйымдастырушының рөлі анықталмаған. Сотталушылардың қандай қылмыстық әрекеттер нәтижесінде мемлекетке залал келтіргені белгісіз», - делінген соттың баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ айыптау актісінде ұрлықтың қандай сомаға жасалғаны және залал келтірілгені белгісіз. Бұл заңбұзушылықтар негізгі сот тағайындауына кедергі келтірген.

«Қылмыстық іс Павлодар облысының бас прокурорына соттың тағайындауына кедергі келтіретін тергеу ісіндегі кемшіліктерді жою үшін қайтарылды», - деді сотта.