Жексенбі, 2 Сәуір, 2023

Алматы облысында екі жасөспірім өз-өзіне қол жұмсады

Алматы облысында қаңтар айында орын алған кәмелетке толмағандардың өз-өзіне қол жұмсауының екі фактісі тексерілуде деп хабарлады turkystan.kz.

12 қаңтарда Қарасай аудандық ІІБ кезекші бөліміне жедел жәрдем бригадасынан 2009 жылы туған кәмелетке толмаған баланың өз-өзіне қол жұмсағаны туралы хабарлама түскен.

Тағы бір жағдайда 16 жастағы жасөспірім өз үйінде асылып көз жұмған. Ол 6 қаңтарда табылды.

«Екі факті де ҚР Қылмыстық кодексінің «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бабы бойынша Қарасай ауданы бойынша ҚАЖД-де тіркелді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп, МКҚК тағайындалды», – деп хабарлады Алматы облысының ДПБ.

 

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button