Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады деп хабарлады turkystan.kz.
«Ауқымды солтүстік-батыс антициклоны әсерінен елдің бүкіл аймағында жауын-шашын, қар болмайды. Тек Қазақстанның шығысы мен солтүстік-шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Баяу қозғалатын антициклон мен арктикалық ауа массалары күн райын аса өзгертпейді, елде аязды күндер жалғасады», - делінген хабарламада.