Жексенбі, 2 Сәуір, 2023

Хоккейден Қазақстан құрамасы Ұлыбританияны 15:1 есебімен жеңді

Хоккейден Қазақстан құрамасы үшінші ойында жеңіске жетті деп хабарлады turkystan.kz.

Матчтың есебін Батырлан Мұратов ашып, британиялықтардан Сэмюэл Роджерс есепті теңестірді. Қазақстан алғашқы үзіліске дейін 5 шайба соғып, алға шықты. Гол авторлары – Батырлан Мұратов (дубль), Максим Мухаметов, Всеволод Логвин, Иван Гавриленко және Артем Королев.

Екінші кезеңде ұлттық құрама қарсылас қақпасына тағы жеті шайба енгізді. Гол авторлары – Данил Бутенко, Әлихан Өмірбеков, Батырлан Мұратов (хет-трик), Руслан Демин, Әли Қасенов, Кирилл Полохов және Гавриленко (дубль).

Үшінші бөлімде Полохов матчтағы екінші шайбасын соғып, есеп – 14:1 болды. Матч нүктесін Мұхаметов қойып, есеп 15:1-мен аяқталды.

Айта кетейік, ұлттық құрама 17 қаңтар күні Астана уақыты бойынша 03:30-да Словакия құрамасына қарсы ойнайды. Турнир кестесінде Ғалым Мамбеталиев шәкірттері үш ойыннан кейін 9 ұпаймен бірінші орында келеді.

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі - 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button