Бүгін екі өңірде оқушылар онлайн оқиды

16 қаңтар, 2023 / Ақмарал Берекет
ашық дереккөзі
Бүгін екі өңірде оқушылар онлайн оқиды Ауа райының бұзылуына байланысты екі өңірде мектептер қашықтан білім беруге ауыстырылады деп хабарлады turkystan.kz. Абай облысының Семей қаласында, Бесқарай ауданында 1-9 сынып оқушылары онлайн оқиды. Аягөз ауданының 1-4 сынып оқушылары да онлайн форматқа көшіріледі. Өңірдің қалған аудандарында сабақ штаттық форматта өтеді. Ал Павлодар облысының Екібастұз қаласында барлық мектептер қашықтан білім беруге ауыстырылды.