«Алтын Орда» базарының бұрынғы басшылығына халықаралық іздеу жарияланды
«Алтын Орда» базарының бұрынғы басшылығына халықаралық іздеу жарияланды
Алматы маңындағы «Алтын орда» базарының бұрынғы басшылығына халықаралық іздеу жарияланды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Күдіктілерді Алматы облысы Қарасай ауданының криминалдық полиция бөлімі іздеп жатыр.
1982 жылы туған Данияр Әпдіғапаров пен Жұмадин Патовқа, 1984 жылы туған Қанат Жақаевқа, сонымен қатар 1986 жылы туған Айдос Нұрқалиевқа ҚР Қылмыстық кодексiнің 190-бабы бойынша халықаралық іздеу жарияланды.
«Қазіргі уақытта жоғарыда аталған тұлғаларды ұстап, Қарасай ауданының уақытша ұстау изоляторына орналастыру бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Нәтижелері кейінірек хабарланады», - деді ведомстводан.