Бұрынғы әйелін боқтаған Өскемен тұрғыны қоғамдық жұмысқа жегілді
Бұрынғы әйелін боқтаған Өскемен тұрғыны қоғамдық жұмысқа жегілді
42 жастағы ер адам бейнебайланыс арқылы бұрынғы әйелін боқтағаны үшін қоғамдық жұмысқа жегіліп, көшеде қар күреп жүр деп хабарлады turkystan.kz.
ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сөйлесу барысында ол әйелді қорлап, балағат сөздер айтқан. Әйел адам полицияға арыз түсірген соң іс сотқа жетті.
Өскемен қалалық №2 соты ер адамды ҚР Қылмыстық кодексінің 131-бабы 1-бөлігіне (қорлау) сәйкес кінәлі деп таныды. Сотталушы жәбірленушіге 100 мың теңге мөлшерінде моральдық залал төлеп, қоғамдық жұмысқа жегілді.
«Сот шешімімен айыпталушы қала аумағында 40 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылып, көшені қардан тазалайды. Қазіргі уақытта ол Өскемендегі негізгі көшелерде жұмыс істеп жүр», - дейді Өскемен қалалық пробация қызметі бастығының орынбасары Сымбат Ботаев.