Әскердегі сарбаздар несиесін 13 айдан кейін төлей алады

Әскердегі сарбаздар несиесін 13 айдан кейін төлей алады

Әскердегі сарбаздар несиесін 13 айдан кейін төлей алады
ашық дереккөзі
Мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтың несиесі болса, оны 13 айдан кейін төлей алады. Бұл туралы Қорғаныс минстрлігі бас штабының ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің аға офицері Руслан Тапашев мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Қазір мерзімді әскери қызметке шақырылатын және мерзімді әскери міндетін атқарып жүрген азаматтардың несиесін кейінге қалдыру мәселесі көп сөз болып жатыр. Осыған сәйкес Қорғаныс министрлігі мен Қаржы нарғын реттеу және дамыту агенттігі арасында 2022 жылдың 5 желтоқсанында меморандумға қол қойылды. Соған сай іс-қимыл алгоритімі бекітілді және қазір бұл бағытта толыққанды жұмыс жүргізіліп жатыр. Енді әскери қызметке шақырылған немесе оны өткеруші азаматтарға әскери бөлім ұсынған анықтама арқылы екінші деңгейлі банктер алдындағы олардың несиесі кейінге қалдырылады. Бұл уақыт 13 ай деп көрсетілген. Өйткені әскери міндетті өтеу мерзімі - 12 ай. Ал қосымша 1 ай әскерден келгеннен кейін жұмысқа орналасуы үшін беріледі», - деді ол.
Аға офицер Руслан Тапашевтің айтуынша, азамат әскери бөлімге барғаннан кейін бөлім командиріне өтініш беріп, анықтама алады. Кейін ол құжат сенімхат бойынша әскери қызметті өткеруші адамның туыстарына беріледі. Олар анықтаманы қарыз алған екінші деңгейлі банктерге ұсынып, сол сәттен бастап несиені төлеу кейінге қалдырылады.