Жексенбі, 2 Сәуір, 2023

«Челси» украиналық футболшыны 100 млн еуроға сатып алды

Лондондық «Челси» футбол клубы украиналық ойыншы Михаил Мудрикті 100 млн еуроға сатып алды деп хабарлады turkystan.kz журналист Фабрицио Романоға сілтеме жасап.

Бұған дейін ол «Шахтер» футбол клубында ойнаған.

«Михаил Мудрик «Челсиге» келеді. «Челси» мен «Шахтер» арасындағы құжаттар бойынша жұмыс істеп жатыр. Келісім 100 миллион еуро. Мудрик бүгін кешке Лондонға ұшып келеді», – делінген Романның twitter жазбасында.

Бұл ағылшын премьер-лигасындағы қыстық кезеңдегі ең қымбат келісім болып отыр. Әрі Мудрикті украиналықтар үшін ең қымбат ойыншыға да айналдырды. Бұған дейінгі рекорд Шевченкоға тиесілі еді. Ол 2006 жылы «Челсиге» ауысқанда 44 миллион еуро төлеген.

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі - 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button