Дональд Трамп АҚШ президенті қызметіне кірісті

Дональд Трамп АҚШ президенті қызметіне кірісті

Дональд Трамп АҚШ президенті қызметіне кірісті
ашық дереккөзі
АҚШ-та жаңа сайланған президент Дональд Трампты ұлықтау рәсімі өтті. Салтанатты шараға шақырылған қонақтар арасында бұрынғы президенттер Джордж Буш, Билл Клинтон, Джимми Картер және өзге де танымал тұлғалар болды. Трамптың ант беру сәтін тамашалау үшін Вашингонның орталығына жүз мыңдаған адам жиналды. «Мен, Дональд Трамп, Құрама штаттардың президенті қызметін адал атқаруға және Құрама штаттардың Конституциясын қолдауға, сақтауға және қорғауға бар күшімді жұмсауға салтанатты түрде ант етемін», — деді Трамп. Айта кетейік, 70 жастағы Дональд Трамп осы ұлықтаудан кейін ресми түрде АҚШ-тың 45-ші президенті қызметіне кірісіп кетті. АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамп ұлықтау рәсімінен кейін президент қызметіндегі алғашқы өкімдерге қол қойды. Ал Ақ үйдегілер жаңа әкімшіліктің бағдарламасын жариялады. Бұл туралы Трамптың баспасөз хатшысы Шон Спайсер Twitter желісіндегі парақшасында жазды. Баспасөз хатшысының айтуынша, Трамп үш құжатқа қол қойды. АҚШ президентінің генерал Джеймс Мэтисстің Қорғаныс басшысы болып тағайындалуына қатысқа құжатқа қол қойғаны айтылады. Айта кетейік, бұл іс-шара Капитолиядағы президенттік бөлмеде өткен. Сонымен қатар, сол шараға Республикалық партияның, демократиялық фракцияның көшбасшысы Нэнси Пелоси қатысқан. Және де жаңа президенттің қасында балалары мен немерелері болған. The Daily Beast басылымының мәліметінше, Дональд Трамп президент ретінде ресми түрде сөз сөйлеген соң, Ақ үйдің сайтынан дәстүрлі емес сексуалдық қарым-қатынасты қорғайтындарға арналған бөлім өшіріліп тасталған.