Жұма, 24 Наурыз, 2023

Жезқазғанда 11 млн теңгенің құбырын ұрлағандар ұсталды

Жезқазғандағы құрылыс нысанынан 11 миллион теңгенің металл пластикалық құбырларын ұрлағандар ұсталды деп хабарлады turkystan.kz.

Ұлытау аудандық полиция департаментінің мәліметінше, келтірілген шығын көлемі 11 миллион теңгеден асады.

«Жезқазған қалалық ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының барысында металл құбырларды ұрлағанын мойындаған 32 және 37 жастағы Жезқазған қаласының екі жұмыссыз тұрғынын анықтады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, айғақты заттар тәркіленді», – делінген ведомствоның хабарламасында.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button