Жаңалықтар

Қысқы универсиадада: ел қоржынына алғашқы алтын медаль түсті

ашық дереккөзі

Қысқы универсиадада: ел қоржынына алғашқы алтын медаль түсті

Қазақстандық биатлоншы Вадим Куралес Лэйк-Плэсид (АҚШ) қаласында өтіп жатқан қысқы универсиаданың чемпионы атанды деп хабарлады turkystan.kz. Вадим Куралес 15 шақырым қашықтықта жекелей сында мәре сызығын бірінші болып қиды. Жарыс жолына 16-ыншы болып шыққан Вадим нысана көздеуден бір ғана рет (0+1+0+0) мүлт кетіп, 42:37.4 минут нәтиже көрсетті. Норвегиялық биатлоншы Эрьян Мосенг қазақстандықтан 42,6 секундқа қалып қойып, екінші орынға ие болды. Франциялық Аксель Гарнье (+1:16.5) үздік үштікті түйіндеді. Қазақстандықтардан бүгін сондай-ақ Александр Мухин, Кирилл Бауэр және Бекентай Тұрлыбеков осы қашықтықта сынға түскенімен, олар жүлдеге іліге алмады. Осылайша, Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде – алтын медаль түсті.